Бұршақ үстіндегі ханша

Баяғыда бір ханзада өмір сүріпті. Ол нағыз ханшаға үйленуді армандапты. Яғни, оның ойынша, болашақ әйелі асыл текті болуы тиіс еді. Сөйтіп, ханзада «нағыз ханша» деуге тұрарлық қалыңдық іздеп, жер жүзін шарлап шығыпты. Алайда, ойындағы дай қызды таба алмапты. Әрине, бірінен бірі асып түсерлік талай сұлу ханшаны кездестіріпті. Алайда, олардың ешқай сысын нағыз ханшаға лайық көрмепті.

Ақыры, қанша жүрсе де, қалағанын таппай, шаршап-шалдығып үйіне қайтыпты. Бұған ол қатты қайғырыпты.Бірде кеш бата аяқ астынан ауа- райы құбылып сала береді. Тап бір аспанда айдаһарлар соғысып жатқандай, найзағай жарқылдап, күн күркіреп, жаңбыр шелектеп құяды.

Кенет, сарай қақпасын біреу қағады. Патшаның өзі барып ашса, қарсы алдында бір қыз тұр. Үсті-басы малмандай су. Шашынан, киімінен сорғалаған су аяқ киіміне құйылып, тұмсығынан шығып жатыр. Құдайым-ай, сондағы ұсқынын көрсең! Қандай аянышты!

Ал қыз болса, өзін «нағыз ханшамын» деп сендіріп әуре.

Осы кезде қастарына ханым да келеді. Ханым қызды тыңдап болып, ішінен «бұл сөзіңнің рас-өтірігін әлі-ақ көре жатармыз біз!» деп:

– Жарайды! Жаңбырдың астында тұрма, қызым. Жоғары шық! – деп, оны ішке кіргізеді.

Содан соң қызды бастан-аяқ шолып шығады да, ештеңе деместен жатын бөлмеге кіріп кетеді. Ондағы ағаш кереуетке жиналған көрпе-жастықтар дың барлығын түсіртеді де, астыңғы ғашының үстіне бұршақтың дәнін қойғызады. Сөйтеді де, оның үстінен жиырма қалың төсеніш және құстың мамығынан жасалған жиырма көрпе салғызады.

Түнге қарай қонақ ханшаны осы бөлмеге жатқызады. Ертесіне таң атып, ханзада да, ата-анасы да ұйқыдан оянады. Барлығы дастарқан басына жиналады. Сәлден соң қонақ қызда тұрады. Сол кезде одан қалай ұйықтағанын сұрайды. Сонда ол:

– Сұрамаңыздар! Мен, тіпті, түнімен көз іле алмадым. Құдай біледі, менің төсегімде не болғанын! Не екенін білмеймін, әйтеуір, бір қатты нәрсенің үстінде жаттым, содан денемнің бәрі көгала болды! Не деген масқара! Айтары жоқ! – дейді.

Сонда барып, қыздың нағыз ханша екеніне елдің бәрінің көзі жетеді: ол қырық қабат көрпе-жастықта жатсада, бұршақ дәні жамбасына батып, ұйықтамаған! Мұндай сезімталдық, нәзіктік тек асыл текті нағыз ханшаға ғана тән қасиет!

Міне, осылайша ханзада дегеніне жетіп, өзі армандағанындай нағыз хан шаға үйленеді. Ал бұршақтың дәнін көне заттарды сақтайтын мұражайға жібереді. Ешкім ұрлап кетпесе, бұршақ әлі күнге дейін сол жерде жатыр деседі!

Балақай, шынымен де, бұл өмірде болған оқиға!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *