Андерсеннiң ертегiсi

Үлкен Клаус пен Кішкентай Клаус

Бір қыстақта екеуі де Клаус деп аталатын көршілер өмір сүріпті. Олардың бірінің төрт аты, ал екіншісінің жалғыз аты бар екен. Оларды бір-бірінен ажырату үшін жұрт төрт аты барын Үлкен Клаус, ал жалғыз аты барын Кішкентай Клаус деп атапты. Ал, енді олардың арасында қандай оқиға болғанын баяндайық, бұл өзі бір ұзақ әңгіме! Өзара келісім бойынша, Кішкентай …

Үлкен Клаус пен Кішкентай Клаус Читать далее »

Түймедақ

Қаланың сыртында, жолдың дәл бойында саяжай тұратын еді. Сіз, бәлкім оны көрген де шығарсыз? Саяжайдың алдында сырланған ағаш шарбақпен қоршалған шағын бақ та бар еді. Саяжайға жақын жердегі ордың жиегіндегі жұмсақ көк шөптің арасында түймедақ өскен. Күннің шуағы саяжай алдындағы бақта құлпырған әсем гүлдермен бірге оны да қыздыра аялаған кезде, біздің түймедағымыз күн санап емес, …

Түймедақ Читать далее »

Тебен ине

Ертеде бір тебен ине өмір сүріпті, ол өзін жіп-жіңішке қылдырықтаймын деп есептеп, шебер тігіншілер ғана пайдаланатын тігін ине санайды екен. Әй, байқаңдар, мені мықтап ұстаңдар! – деді ол бірде өзін қораптан суырып алып жатқан саусақтарға. – Мені жерге түсіріп ала көрмеңдер! Еденге түссем, жаман айтпай жақсы жоқ, жоғалып қалармын: өйткені мен қылдырықтай ғанамын ғой! — …

Тебен ине Читать далее »

Суға батып кеткен ғибадатхана

Нейенкирхтың маңында, қалың орманның ортасында жасырынған жалғыз ашық жер бар; онда кішкентай ғана қол бар; ол араға жан баласы аяғын сирек басады, ол араны тіпті әркім біле де бермейді. Көгал мен көлді қоршап тұрған қап-қара шыршалардың тұрқында адамның өне бойын еріксіз тітіркендіретін әлдеқандай бір жабырқаңқылық бар. Сол шыршалар бұл араны жұмбақ жамылғымен тұмшалап тастағандай; мұнда …

Суға батып кеткен ғибадатхана Читать далее »

Сандық самолет

Ертеде бір көпес болыпты, оның байлығы сондай, ұзыннан-ұзақ бір көшені, оған қоса тағы бір шолақ көшені күміс ақшамен тұтас төсеп, көмкеріп тастауға дәулеті әбден жетеді екен. Бірақ ол мұны істеген жоқ, өз ақшасын басқадай жолмен жұмсады, егер ол бір скиллинг шығара қалса, одан тұтас бір дале пайда түсіріп отырды. Міне, ол осындай көпес еді. Сөйтіп …

Сандық самолет Читать далее »

Оле-Лукойе

Оле-Лукойеге тең келетін ертегіші бұл дүниеде жоқ. Ертегіші деп соны айт, шіркін! Кешқұрым балалар стол басында немесе орындықтарда тып-тыныш отырған кезде, Оле-Лукойе кіріп келеді. Аяғына ескі шұлық киген ол, басқышпен дыбыссыз басып көтеріліп, есікті ақырын ғана ашады да, қолындағы бүріккішімен балалардың көзіне тәтті сүт бүркіп кеп жібереді. Сол сәтте-ақ балалардың бәрінің де кірпіктері жұмыла бастайды, …

Оле-Лукойе Читать далее »

Не қылса да көн, күйеуіңдікі жөн

Ал, кәне, мен саған ертеде болған бір оқиғаны айтып берейін. Мен оны бала күнімде естіп едім. Содан бері сол әңгіме есіме түскен сайын жасара беретін тәрізді. Әңгіме де адам тәрізді ғой: олардың тіршілігі жасы ұлғайған сайын кемелденіп, ақыл-парасаты толыса түседі, оған да шүкіршілік. Сен, әрине, деревняда болған шығарсың, шатырына сабан жапқан кәдімгі шаруалар үйін де …

Не қылса да көн, күйеуіңдікі жөн Читать далее »

Нағыз ханша

Ерте, ерте, ертеде бір ханзада болған екен, оның қайтсем де ханшаға үйленем деген асыл арманы бар көрінеді, тек нағыз ханшаға. Міне, ол сол себепті дүниенің төрт бұрышын түгел кезіп шығады, алайда өзі ойлағандай ешкім ұшыраспайды. Ханша дегендерің толып жатыр, бірақ нағыз ханша ма екен солар?! Осы арасын біле алмай, ол арып-ашып еліне оралады, – нағыз …

Нағыз ханша Читать далее »

Мейірімсіз князь

Ертеде мейірімсіз тәкаппар князь өмір сүріпті. Оның жатпай-тұрмай бар ойлайтыны жер-жиһанды бір өзім бағындырып, қайтсем ашсам алақанымда; жұмсам жұдырығымда ұстасам деген пиғыл болыпты. Сөйтіп жан-жағындағы көршілес елдерді бірінен кейін бірін басып ала береді, оның әскері жүріп өткен жердің ойран-топыры шығады; егінді таптап, шаруалардың үйлерін өртеді, өрттің қызыл тілі айналасындағылардың бәрін жалмап, ағашты алқаптарды тып-типыл етті, …

Мейірімсіз князь Читать далее »

Құтандар

Бір шағын қаладағы шеткі үйдің төбесінде құтанның ұясы болды. Ұяда төрт балапанмен ана құтан отыратын, балапандары әлі қызарып үлгермеген кіп-кішкентай қара тұмсықтарын ұядан қайта-қайта қылтитып қояды. Ұядан ұзамай, шатырдың қырында бір аяғын бауырына қысып, сымдай тартылып әке құтан отыр; бір аяғын көтеріп тұрған себебі басқа істейтін түк шаруасы жоқ еді. Өзі ағаштан жасап қадап қойған …

Құтандар Читать далее »